Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елімізде төтенше жағдай қатерін азайту орталығы ашылады

11.04.2023ж. 20:00
808
Елімізде төтенше жағдай қатерін азайту орталығы ашылады

Елімізде Төтенше жағдай қатерін азайту орталығы ашылады. Құжатты Сенат мақұлдады. Заң жобасы төтенше жағдайлар мен дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықтың ел аумағындағы жұмысын реттейді.

Әлемдік тәжірибе негізге алынып мамандар даярланады деді,-министрлік. Ал, қауіпті жер сілкіністеріне байланысты нақты жоспарлар пысықталатынын айтты.

Ибрагим КҮЛШІМБАЕВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Ұлытау облысы жақтарда 6 баллға дейін жер сілкінісі болуы мүмкін деген де бар. Жұмысты нақты бекіту үшін біз биыл үлкен республикалық оқу жаттығуы Алматы қаласында осы қыркүйек айына жоспарлап отырмыз. Жалғыз Қазақстандық құтқарушылар ғана емес, көрші мемлекеттердің де құтқарушыларын шақырып.