Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астанада атшаптырым аймақ қараусыз жатыр

11.04.2023ж. 20:00
1116
Астанада атшаптырым аймақ қараусыз жатыр

Астанада атшаптырым жер қараусыз жатыр. Алматы ауданында орналасқан қауіпті аймақ тұрғындардың үрейін алады. Тіпті жанынан жүруге қорқамыз дейді. Жұрттың зәре-құтын қашырған ол қандай жер? Неге игерілмей тұр? Әріптесім Дәрібек Бахытбек білуге тырысты.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Дәл қазір біз қоршаудан ішке кірдік. Өте қорқынышты. Көріп тұрғандарыңыздай, қираған гараж, үйілген қоқыс. Аяқ алып жүру мүмкін емес.

Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Рысқұлбеков көшелерінің қиылысындағы бұл аймақтың қараусыз жатқанына 4-5 жылға жуықтады дейді тұрғындар. Балалар күндіз осында ойнайды. Ал, кеш қарайса, бұл маңайдан бала түгілі үлкенді көрмейсің. Тіпті жан-жағына елеңдеп, жанынан әрең өтетіндерін айтады.

БЛИЦ:

- Опасный ғой мына жерде. Балалар жүрсе де, біреу мас болса да. Қазір өздеріңіз көріп тұрсыздар ғой педофилдар көп сол үшін қорқамыз. Баламды өзім апарып өзім әкелемін

- Жаман адамдар болады ғой, сондай ішкен адам можеть жүретін шығар. Жатады ғой сол жақа барып.

- Мына кішкентай балалар барады ғой шығып арғы жаққа.

Ал, жауаптылар бұл қоршалған аймақ жекеменшік дейді. Жоспар бойынша мұнда шағын көпқабатты тұрғын үй кешені салынуы керек.

Сұлтан АЯПБЕРГЕНОВ, "АЛМАТЫ" АУДАНЫ БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Құрылыс салушы бұл гараждарды бұзып, олардың құжаттары мен жерлерін жеке меншіктен сатып алып, кейін өздеріне рәсімдеуі тиіс еді. Содан соң мектепке дейінгі мекеме мен көпқабатты тұрғын үй кешенін салуы керек. Алайда, оған берілген уақыт белгіленген мерзімнен өтіп кетті.

Сондықтан енді аталған қаулы қайта қаралып жатыр. Жерге иелік ететін өзге адам іздестіріледі.