Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жарапазан айту дәстүрі қайдан шықты?

11.04.2023ж. 20:00
1382
Жарапазан айту дәстүрі қайдан шықты?

Рамазан айында жарапазан айтылады. Алайда, бұл әуенді қазір сирек еститін болдық. Тіпті ұмытылып бара жатыр деуге де болады. Әріптесім Дәрібек Бахытбекте ұмыт болған дәстүрді қайта жаңғыртып жарапазан айтты.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Біз бала кезде дәл осылай үй аралап рамазан айында жарамазан айтатынбыз. Бүгін сол дәстүрді қайта жаңғыртып жүрміз.

БЛИЦ:

- Қасиетті рамазан айында ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Көңіліміз көтеріңкі болып осы, бүгінгі Астана телеканалына алғысымызды білдіреміз келіп, жарапазан айтып. Осындағы ниет етіп ауыз ашып отырған дүйім жұртты көңілін көтеріп келіп.

- Рамазан айында ата-аналар комитеті ауыз ашар беріп отырмыз. Сондай қасиетті күнде жарапазан айтып келіп мына жерде. Сондай көңіліміз жақсы.

Оразәлі Құрақбай жарапазан айтып халық көңілін көтеріп қошеметке бөленіп жүр. Көнеден келе жатқан дәстүр ұмыт қалмай, өскелен ұрпақ жетсе дейді.

Оразәлі ҚҰРАҚБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бала кезімізден айтамыз. Сол енді соны халық ұмытпасын халықтың есіңде жүрсін деп қазақы дәстүрден аттамайық, аттап кетпейік біліп жүрейік деп жарамазанды біз дамытып жатырмыз. Өнерімізді білдіріп жатырмыз.

Бірақ, жарапазан деген не, ол кайдан шықты, оны кімдер айтады, қашан айтады, мұның бірін де білмейтіндер бар екен.

БЛИЦ:

- Білесіз ба жарапазан?

- Жоқ білмедім.

- Мүлде естімегенсің ба?

- Жоқ мүлде естімегем.

- Естігем кішкентай балалар келеді үйге. Өзім айтпағам.

Жарапазан- рамазан айы келгенін білдіріп, сүйінші сұрап ғана қоймай ислам дінін әуен арқылы насихаттау. Бұрындары сәресінде айтылған. Ал, имамдар қазір бәрі бірдей ауыз бекітпейді. Сондықтан ауыз ашқан уақытта айтқан дұрыс дейді.

Ильяс ОТАРОВ, "ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" МЕШІТІНІҢ ҰСТАЗЫ:

Жарамазан деген сөз "Жә Рамодан" деген арабтың сөзінен келді. Рамодан деген рамазан айы келді деген мағынаны береді. Кейбір түркі халықтарынан айтылатын осы сөз. Мысалы түріктер, өзбектер жарамазан деп айтса, кейбір түркі халықтары жарапазан дейді.

Жарапазанның нақты шағу тарихы жоқ. Этнографтар жарапазан ислам діні енгеннен кейін пайда болған дейді. Кейіннен мұндай әндерді күллі мұсылманның ұлық мерекесі - Рамазан айы туған кезде орындау дәстүрге айналған.

Мақсат АЛПЫСБЕС, ТАРИХШЫ, ЭТНОГРАФ:

Жарамазан жыры - өлең күйіңде айтылатын діни тілектердің қатарына жататын сондай бір салт-дәстүр. Қазақ халқы осы рамазан айын пайдаланып бір жағынан діни қағидаларды халық ортасында насихаттау үшін осындай жарапазан жырларын пайдаланғанын көреміз.

Ұйқасы мен әуені үйлескен мұндай әндер ораза ұстаған адамның көңілін көтеріп, бойын сергітеді. Сондай-ақ ізгі амалдар жасауға ұмтылдырады. Ең бастысы дәстүріміз дәріптеліп болашаққа жалғасса игі.