Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Дизель қымбаттағанымен, ол таяу арада басқа тауарлардың бағасына әсер етпейді – АШМ

AstanaTV
11.04.2023ж. 19:10
583
Дизель қымбаттағанымен, ол таяу арада басқа тауарлардың бағасына әсер етпейді – АШМ

Ауылшаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың айтуынша, Қазақстанда дизель отыны қымбаттағанымен, ол таяу арада басқа тауарлардың бағасына еш әсер етпейді.

Бұл туралы вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Жалпы, жанар-жағармай бағасының өсуі тауарлардың құнына әсер етеді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуметтік маңызы бар тауарларының да. Жалпы, сараптамалық бағалауға сәйкес, жанар-жағармай бағасының 20%-ға өсуі тауардың өзіндік құнының 2-ден 5%-ға дейін артуына әсер етуі мүмкін. Бірақ қазір көктемгі суару маусымына қажетті көлем, яғни 413 мың тонна алдын ала қарастырылып қойғанын атап өту керек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың тоннаға артық көлем. Бағасы да нарықтық бағадан 20%-ға төмен. Сондықтан жанар-жағармай бағасының, атап айтқанда дизель отынының өсімі қысқа мерзімді перспективада бағаларға әсер етпейді",- Ербол Тасжүреков

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 4 сәуірде Үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында азық-түлік бағасының айтарлықтай өсімі орын алмайтынын айтқан болатын. Сол күні Премьер-министр Әлихан Смайылов, керісінше, жанар-жағармайдың қымбаттауы инфляцияға әсер ететінін мәлімдеді.