Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

2035 жылға қарай Астанада қанша адам тұрады?

AstanaTV
11.04.2023ж. 22:55
1868
2035 жылға қарай Астанада қанша адам тұрады?

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкіметтің болжамы бойынша 2035 жылы Астанада 2,5 миллион адам тұратынын айтты.

"Бас жоспар негізінде, біріншісі 2000 жылдың басында қабылданды, оған сәйкес 2023 жылға қарай елорда тұрғындарының саны 800 мың адам болады деген болжамдар бар еді. Содан кейін тәжірибе басқаша көрсетті, яғни барлық болжам жоспардан асып түсті, 2010 жылы Бас жоспар түзетілгенде 2030 жылға қарай 1 миллион 200 мың адам болады деп жоспарланды. Бұл 2020 жылы орындалды", - деді Көлгінов Үкімет отырысы кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Ол болжамдар дұрыс еместігін, 2020 жылдан бастап елорданың Бас жоспарын түзету басталғанын айтты.

"Халық өсімін, динамикасын ескере отырып, қазір болжамдар 2035 жылға қарай 2 миллион 200 мың немесе 2 миллион 500 мың адам болатынын көрсетіп отыр. Біз бұл үшін инфрақұрылымды дайындауымыз керек. Биыл әкімдік Үкіметке барып, осы Бас жоспарды бекітуі керек. Бас жоспарға сәйкес балалар мектептері, балабақшалар, әлеуметтік нысандар, әлеуметтік тұрғын үйлер саны артты, инженерлік инфрақұрылым, мысалы, екі газ жылу станциясының құрылысын бастадық", - деп түсіндірді Көлгінов.