Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астанада зейнеткердің 2,5 млн теңгесін ұрлаған қыз ұсталды

AstanaTV
12.04.2023ж. 10:01
707
Астанада зейнеткердің 2,5 млн теңгесін ұрлаған қыз ұсталды

Астанада күтуші қыз зейнеткердің 2,5 млн теңгесін жымқырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияға алаяқтық фактісі бойынша 73 жастағы зейнеткер арызданған. Алматы ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде небары 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында қыздың егде жастағы әйел адамның үйінде күтуші болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Қаскүнем бірнеше айдың ішінде жәбірленушінің сеніміне кіріп, банктің мобильді қосымшасы арқылы коммуналдық төлемдерді төлеймін деген желеумен зейнеткердің шотында жиналған қаражаттан 2,5 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталған күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.