Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодар облысында кішкентай қыз шелектегі суға тұншығып қала жаздады

AstanaTV
12.04.2023ж. 10:47
1105
Павлодар облысында кішкентай қыз шелектегі суға тұншығып қала жаздады

Бір жасар қыз шелектегі суға батып кете жаздады, дәрігерлер баланы әрең құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері Pavlodarnews басылымына жазатайым оқиға жөнінде айтып берді.

Дәрігерлердің айтуынша, 2022 жылы туған нәресте шелектегі суға түсіп кеткен. Оқиға 10 сәуірде Павлодар облысы аудандарының бірінде болған. Дәрігерлер болған оқиғаның егжей-тегжейін нақтыламады.

"2022 жылы туған қызды 10 сәуірде облыстағы аудандардың бірінен санитарлық авиация жеткізді", – деді ауруханадан.

Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты деп бағалады.