Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Екі қыз, төрт ұлым бар": көрінбей кеткен әнші Құрмаш Махан қазіргі таңда қайда жүр

AstanaTV
12.04.2023ж. 15:12
1023
"Екі қыз, төрт ұлым бар": көрінбей кеткен әнші Құрмаш Махан қазіргі таңда қайда жүр

1992 жылы ән әлеміне қадам басқан отандық әнші Құрмаш Махан қазіргі таңда қайда жүр? Жүзге жуық ән жазған әнші "Ел" бағдарламасында өнер әлемінен көрінбей кету себебін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Астана қаласында "Қазақконцерттің" эстрада бөлімінде қарапайым әнші, солист болып қызмет етудемін. Аллаға шүкір, Құдай берген екі қыз, төрт ұлым бар. Шығармашылығыңда айтарлықтай жаңалық болмаса, ел алдына орынсыз шыға беруді жөн көрмеймін. Алайда бұл менің ән мен саздан қол үзіп кеткенім емес", - деді Құрмаш Махан.

Айта кетейік, Құрмаш Махан қазақстандықтарға "Аңсарым", "Кездесу мен қоштасу", "Армандаймын адам боп жаралған соң" әндерімен кеңінен танымалы. Бүгінгі таңда әншінің әндерін жас өнерпаздар кавер нұсқада орындауда.