Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

14 сәуір күні еліміздің кейбір өңірінде қар жауады

AstanaTV
13.04.2023ж. 17:31
1036
14 сәуір күні еліміздің кейбір өңірінде қар жауады

"Қазгидромет" РМК ұсынған ақпарат бойынша, Қазақстанның ауа райына Қара теңіз жақтан келе жатқан белсенді циклон әсер етеді,-деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта жаңбыр соңы қарға ұласады. Солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды, батыста, орталықта найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп болжануда. 

"Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз батыста, Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады",-деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Астанада көшпелі бұл шығады, жаңбыр, кешке қарай қатты жаңбыр қарға ұласып, көктайғақ болады. Солтүстік-шығысқа ауысатын оңтүстік-батыс желдің күші 9-14, күндіз екпіні 17-22 м/с болады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5 + 7°С, күндіз одан әрі төмендейді.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +11+13°С, күндіз +26+28°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды.Оңтүстікен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде + 13 + 15°С, күндіз + 31+33°С.