$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарлық оқушылар 2 тоннадан артық керексіз қағаз жинады

AstanaTV
21.09.2016ж. 20:00
2981
Қызылжарлық оқушылар 2 тоннадан артық керексіз қағаз жинады

Қызылжарлық оқушылар жарамсыз қалған 2 тоннадан артық қағазды жинаған. Жасотандықтар ұйымдастырған экологиялық акция "Бөлшектеп, кәдеге жарат" акциясының қорытыныдысында белгілі болды. Жоба қыркүйектің басында басталған, мектеп оқушыларының арасында қағаз жинаудан сайыс ұйымдастырылыпты. Оған қаланың 8 мектебі қатысқан. Оқушылар көбінесе техника мен азық-түліктен қалған картон қағаздарын тапсырған. Жиналған қалдықтар қайта өңдеу кәсіпорнына өткізілді. Жарыс кезінде №10 мектеп жеңімпаз атаныпты. Олар 1 200 келі қағаз жинаған. Жарыс барысында белсенділік танытқан оқушыларға ботаникалық бақ, кинотеатр мен мұражайға билеттер табысталды.

Богдан Герасимов, оқушы:

Қағаз жинауға маған әкем көмектескен болатын. Ол көлік сату салонында қызмет етеді. Жұмысындағы керек емес журнал, буклет, жарнама қағаздарының барлығын жинап алып, маған берді. Мен мектепке қағаздың 320 келісін тапсырып, үздік атандым.