Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Теміртауда құтқарушылар екі баланы өлімнен құтқарды

AstanaTV
14.04.2023ж. 10:25
825
Теміртауда құтқарушылар екі баланы өлімнен құтқарды

Теміртауда құтқарушылар екі баланың терезеден құлап кетуінің алдын алды.

Теміртаудың тұрғын үйлерінің бірінде өтіп бара жатқан адамдар төртінші қабаттағы пәтердің ашық терезесінен қарап тұрған балаларды көреді. Тұрғындар балалар абайсызда терезеден құлап кетпесін деп бірден құтқару қызметіне қоңырау шалған.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар айтылған мекенжайға дереу жетеді. Автокөлік сатысын орнатқаннан кейін құтқарушылар ашық терезеге көтеріліп, 2019 және 2020 жылы туған балаларды оқыс оқиғадан аман алып қалды. Бүлдіршіндер пәтерде жалғыз болған.

ТЖД ескертекендей, балалардың терезелер мен балкондардан құлап кетуіне жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:

кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрін терезелерден алыстатыңыз;

масалардың торлары құлаудан қорғауға арналмаған;

балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін терезелерге арнайы бекіткіштер қойыңыз;

балалармен ашық терезенің жанында болу қаупі туралы әңгімелер өткізіңіз;

егер құлыптау құрылғысын орнату мүмкін болмаса, терезенің тұтқасын қажет болған жағдайда бұрап алыңыз.