Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Жарына дастархан жайып, ауызашарға дайындалған Ерке көпшілікті сүйсінтті

AstanaTV
14.04.2023ж. 10:45
1972
Жарына дастархан жайып, ауызашарға дайындалған Ерке көпшілікті сүйсінтті

Жақында тұрмысқа шыққан Ерке Есмаханның жарына ауызашарға дастархан дайындаған видеосы әлеуметтік желіде таралды.Әйелінің орамал тағып, ас әзірлеген видеосын Раим Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан басына орамал таққан Ерке Есмаханның дастарханға ас қойып, көрпеше жайып жүргенін байқауға болады. Раим әйелінің бұл видеосын Қуандық Рахымның "Тәтті махаббатым" әнімен әрлеп қойған.

Ал желі қолданушылары жас жұбайға бақыт тілеп, лебізін білдірді.

"Еркенің еркелеп жүретін адамын тапқанына қуаныштымын", "Махаббатың баянды болсын", "Шынайы махаббатты осы жұптан байқауға болады", "Әр әйел бақытты болуға лайықты", "Әдемі жұп", - деп жазды желідегілер.