Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкент тұрғыны жүкті әйелін сабап, далаға шығарып тастаған

Шымкент тұрғыны жүкті әйелін сабап, далаға шығарып тастаған

Шымкент қаласының тұрғыны жүкті әйелін сабап, далаға шығарып тастаған. 18 жастағы келіншек күйеуінен зәбір көргенін айтып шағымданды. Мешітте неке қидырғанмен, заң жүзінде отаспадық дейді, олар азаматтық некеде болған. Айтуынша, жолдасы болмашыны сылтауратып қол көтерген. Таяқ жеп жүріп, құрсағындағы сәбиінен де айрылып қалыпты. Ұрып-соққаны аздай, тезек тергізіп, оны жейсің деп желкелеген, тіпті көлікпен де сүйреді дейді. Ал қызының бір жыл бойғы азапты өмірін анасы тек Жансая ауруханаға түскенде бір-ақ біліпті.

Жансая:

Сол жақта тоқтады машинасымен бірге, маған айтты түс деді. Мен неге дедім , түс деді. Онан кейін түстім. Түскеннен кейін ручкасын ұстап тұрғам машинасының артының, сөйткен ем машинасын бірден басты кетті. Мен де сүйретіліп кетіп қалғам ғой артынан. Жібермеген, ручкасы қалып қойған қолымда. Онан кейін артынан кеттім мен де.. онан кейін қолым бірден жіберілді, тасқа аунағам ғой.. Ішпен құладым. Қол-аяғымның бәрі жара-жара болды.

Алуа, ЖАНСАЯНЫҢ АНАСЫ:

Ұрып – соғып жатқанынан дым білген жоқпын. Маған да айтқан жоқ. Қызымның таяқ жегенін кеше ғана +білдім. Бәрін сол кезде айтты маған, осындай болды, осындай болатын еді деп. Тіпті іштегі баласын өлтіргенінен де хабарым жоқ еді. Жазасын алсын деймін.

Алайда Жансаяның күйеуі мұның бірін де растамай отыр. Ол әйелімен мінездерінің үйлеспегенін айтады. Мән-жайды енді полиция анықтамақ.

Бауыржан ҚОШТАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ПД АБАЙ АУДАНДЫҚ ПБ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:

26.03.2023 жылы Шымкент қаласы Самал -3 мөлтек аудан тұрғыны арызданған. Арызында өзінің күйеуі ұратыны жайында көрсеткен. Аталған жәйт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы ПБ полиция қызметкерлерімен қорғау нұсқамасына алынды. Сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысымен нақты шешім қабылданатын болады.