$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Депутат көліктерге салынатын утилдеу жиындарын төмендетуді сұрады

AstanaTV
21.09.2016ж. 20:00
2760
Депутат көліктерге салынатын утилдеу жиындарын төмендетуді сұрады

Мәжіліс депутаттары көліктерге салынатын утилдеу жиындарын төмендету керек дейді. Төменгі палатаның жалпы отырысында Сергей Симонов премьер-министрдің атына осындай ұсыныс жолдады. Өйткені өткен жылмен салыстырғанда, соңғы 7 айда автокөліктер сатылымы 2 есеге кеміген. Сарапшылар бұған "бастапқы тіркеу" және утилдеу жиыны түрінде енгізілген шығындардың әсер еткенін айтқан. Депутаттардың айтуынша, қосымша салымдар жыл басынан алына бастағандықтан, көлік бағасы 700 мыңнан 2,5 млн теңгеге дейін өсіп кеткен.

Сергей Симонов,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Утилдеу жиынының механизмінде логика жоқ. Нарықты жандандыру үшін утилдеу жиындарын төмендету керек шығар. Сол арқылы автокөлік құнын да арзандатамыз. Біздің автоөндіріс неге экспортқы шақпайды. Мүмкін көлікті экспорттаған кезде утилдеу жиындарын алмау керек шығар. Сондықтан оны алу әдістемесіне өзгеріс енгізіп, құнын төмендету жолын қарауды сұраймыз.

Депутат Мұхтар Ерман да Үкімет басшысының атына сауал жолдап "меншік құқын рәсімдеу процесінде" құрылыс компанияларының жауапкершілігін арттыруды сұрады. Халық қалуалысының айтуынша, құрылысшылар  үйді тапсырған күнде де тіркеу рәсімін жылдар бойы негізсіз созып алады. Сөйтіп халық өз үйіне өзі тіркеле алмай әлекке түседі.

Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Халық құрылыс компаниялары үйдің жеке меншік құқын рәсімдеу барысын негізсіз созып алады деп үнемі шағымданады. Заңға сай үйге деген меншік құқы құзырлы органда мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап есептеледі. Ал іс жүзінде пәтерінің ақысын толық төлеп, үйіне кіріп тұрып жатқан мыңдаған адам жылдар бойы меншігін өзінің атына рәсімдей алмайды. Негізінде олар сол үйлерде тұрып, коммуналдық төлемдерін төлеп жатады. Сондықтан құрылыс компанияларының жауапкершілігін арттыруды сұраймыз. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ