$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Қадір түнінде үздіксіз Хатым құран оқығандарға сыйлық үлестіріледі

17.04.2023ж. 20:00
977
Қадір түнінде үздіксіз Хатым құран оқығандарға сыйлық үлестіріледі

Өңірлерде де жамағаттың бір бөлігі ауызашардан соң мешітке ағылуда. Енді аймақтардағы тілшілерімізге сөз берейік.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Иә...Бүкіл мұсылман асыға күткен қасиетті Қадір түнінің нығыметінен атыраулықтар да үмітті. Сондықтан дайындық ерекше. Мен қазір Атыраудағы орталық «Иманғали» мешітінде тұрмын. 1200 жамағатқа арналған Алланың үйінде бүгін бірнеше шара жоспарланған. Алдымен жергілікті телеарнада күллі атырау халқына 1 сағат бойы тікелей эфир арқылы рамазан айының құндылықтары туралы ақпарат беріледі. Содан сәресіне дейін үздіксіз насихат айтылады. Қасиетті түн туралы сұрақ-жауап сайыстары өткізіліп, барша жамағатпен құлшылық ету жоспарланған. Мұндай ізгі шаралар аймақтағы 43 мешітте де өтеді.

Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ: 

Қадір түні – Тағдыр түні. Бүгін ораза айы бойы үздіксіз Хатым құран оқыған ақсақалдар мен әжелерге де сыйлық дайындап қойған. Мешіт ауласынан күн сайын 500 адамға ауызашар беру жұмысына атсалысқандарға да құрмет көрсетілмек. «Рамазан сыйы» жобасы аясында тіс емханасына да жолдама бар. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ ТІЛШІ: 

Айта кетейік, ораза айы біткенше тарауық намазынан шыққан жамағатқа 4бағытқа автобус тегін тасымалдап жатыр. Қасиетті айдың құрметіне Мақат ауданындағы 17 дүкен арақ-шарап сатудан түбегейлі бас тартқан. Ал орталық мешіт ауласында 500 адамға таңғы сәресіне дастарған жайылмақ. Ұлтты ұйыстырған ұлық мереке Орал қаласында қалай жоспарланған. Еркін? 

Еркін КАРИН, ТІЛШІ: 

Базаргүл, бізде жамағатты автобуспен емес, имамдардың өздері жеке көлігімен тасимыз деп отыр. Яғни, тарауық намазынан шыққандарды көбірек қамтып, үйіне тегін жеткізеді. Тегін такси жобасы биыл алғаш рет қолға алыныпты. 

Мешіт өкілдері айлардың сұлтанына жылдағыдай тыңғылықты дайындалыпты. Бүгін ауызашардан кейін жамағат арасында уағыз айтылып, кейін Қадір түніне орай сұрақ-жауап сайысы өткізіледі. Келушілерге діни сауалдар қойылып, білімін пысықтайды. 

Самат ӘЛІБАЕВ БҚО БАС ИМАМЫ: 

Қазақша дұға, кәдімгідей өзіміздің тілімІзде дұға ету керек. Қадыр түнінде ер адамдар мешітке келіп, құлшылық қылады, мешітке келіп дұға етеді. Әйел адамдар үйде құлшылық қылуға болады. 

Қалалықтардың бірқатары Қадыр түнін үйінде қарсы алмақ. Дегенмен кейбірі бұл түнді жаңа жылмен әлде Қыдыр атамен шатыстырып алғандай. 




БЛИЦ: 


- Ата-әжелеріміз бұрын бауырсақ пісіріп дайындалатын ше? Біз ата келеді деп кәдімгейдей ойлайтынбыз. Ол кезде баламыз ғой. Ұйықтап қаламыз ғой бірақ. Иә, Алла Тағалаға салауат айтып, зікір айтып, дұға жасап, мадақтар айту керек дейді. 


- Дастарқан жайып, күтіп отырады. Кішкентай кезімізден сөйтеді ғой. 




Еркін КАРИН, ТІЛШІ: 


Имамдардың ұйымдастыруымен балаларға да көңіл бөлініп, «Рамазан қоржыны», «Рамазан тәттісі», «Менің алғашқы оразам» атты жобалар қолға алынған. Бұл бастама оразадан кейін тоқтап қалмай, намаз оқу тәртібін үйрететін дәрістерге жалғаспақ.