$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Маңғыстау облысында туған қызын ұзақ уақыт зорлап келді деп айыпталған ер адам ақталып шықты

AstanaTV
18.04.2023ж. 12:03
1012
Маңғыстау облысында туған қызын ұзақ уақыт зорлап келді деп айыпталған ер адам ақталып шықты

Маңғыстау облысында туған қызын зорлады деп айыпталған ер адам дәлелдердің жоқтығына байланысты ақталып шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Lada.kz басылымының мәліметінше У. есімді азамат қызын 2016 жылдан (10 жасынан бастап) 2021 жылға дейін азғындап келді деген күдікке ілінген. Ал прокурор мен кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілі күдіктіні 25 жылға бас бостандығынан айырып, моральдық өтемақы ретінде 30 миллион теңге өндіруді талап етті.

Дегенмен қорғалушы мен айыпталушы тергеу кезінде кінәсі толық дәлелденбегендіктен, соттан ақтау туралы үкім шығаруды сұраған.

"Тергеп-тексеру кезінде айыпталушының кінәсі дәлелденген жоқ. Заңды өкілінің, кәмелетке толмаған жәбірленушінің, сонымен қатар кәмелетке толмаған куәгердің жауабы іс бойынша жиналған дәлелдер – сот-медициналық сараптама нәтижесінің негізінде жоққа шығарылады", – деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар сот сотқа дейінгі тергеу барысында жіберілген өрескел қателіктер үшін Маңғыстау облысының прокурорына жеке қаулы шығарды. Істі қылмыстық істер бойынша апелляциялық ұжымы қарағанымен, үкім өзгеріссіз қалды.

"Бұл туралы естігенде аң-таң болдым, сөзбен жеткізу мүмкін емес. Болған жағдай жайлы күйеуімнің отбасына айтқанда маған ұрысып, "Біздің әулетті ұятқа қалдырасың, қызыңның тағдырына балта шабасың, ешкімге айтпа" деді. Сосын онлайн психологтың көмегіне жүгіндім. Бірақ бұл психолог оқиға туралы әлеуметтік желіде жариялап, кейін қылмыстық іс қозғалды", – дейді қыздың анасы.