$511.22 €540.05 ₽4.73
×

"Әкімдер жаяу жүріп, өз қалаларын аралауы керек", - Тоқаев

AstanaTV
19.04.2023ж. 20:00
1406
"Әкімдер жаяу жүріп, өз қалаларын аралауы керек", - Тоқаев

Президент әкімдердің жауапкершілігін сынға алды. "Әр аймақтың өз ерекшелігі және «әлсіз тұстары» бар. Бірақ, әкімдер соны біле тұра, алдағы қиындықтарды уақтылы бағамдай алмайды, шешім қабылдаудан қашады"деді. Әкімдер өз аймағын жаяу жүріп, аралауы тиіс. Сонда ғана өзекті проблемалар дер кезінде шешіледі деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларына тағы қандай тапсырмалар берді? Тілшіміз Сүндет Оралбеков айтады.

Жыл басынан бері 811 адам Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына келген. Олардың арасында барлық аймақтың тұрғындары бар,-деді Қасым Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының атына жазылған арыз-шағымдар саны үш жылда 2 есе өскен. Себебі, өңірлерде мәселе көп.

БЛИЦ:

- Жол қатынасы қиындап кеткендіктен қазір ауылдан кетіп жатыр.Ауыл босап жатыр.Өйткені ауылдағы шаруалар ауылды тастауға мәжбүр. Қалада да мәселелер бар қордаланған.Мысалы балабақша әлі жетіспейді.Мектеп екі,үш сменға барып жүргендер бар.

- Еңбекақыны көтеру керек деп ойлаймын.Күннен-күнге азық-түлік бағасы көтеріліп жатыр.

- Су жоқ және жер проблемасы.Соны шешсе ауылда халық қалады.Халық бәрі кетіп жатыр.Мен де кеттім.

Елге қаптаған статистика емес, нақты нәтиже, жылдам интернет, сапалы байланыс керек деді Президент. Әкімдерге нақты міндеттер жүктеді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жолдарды жөндеу арқылы ауылдың тұрмыс сапасын жақсарту – әкімдердің басты міндеті. Ауыл тұрғындары таза сумен және тұрақты электр қуатымен толық қамтамасыз етілуге тиіс. Сондай-ақ мобильді байланыс және интернет қолжетімді болуы керек.

Барлық деңгейдегі әкімдер инвестиция тартуды және жұмыс орындарын құруды күнделікті ойлауы тиіс. Себебі, бұл қалалардың тез арада көркеюіне үлес қосады. Президент әрбір аймақтың өз ерекшелігі және «әлсіз тұстары» барын, бірақ , әкімдер соны біле тұра, алдағы қиындықтарды уақтылы бағамдай алмайтынын айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын жыл сайын бағалау жүйесін енгізу керек. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болуы үшін азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату айрықша маңызды.

Еліміздің барлық өңірінде қаңғыбас иттерге қарсы жұмыс жоғарғы деңгейде жүргізілмейді. Арыз шағым көп. Шенділер бұл бойынша заңға сүйеніп жұмыс істемейді. "Біз жануарларға қамқорлық жасауымыз керек, бірақ олардың адамдарға, әсіресе балаларға қатысты агрессиясына жол бермеу керек",- деді Президент. Қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккендер саны артқан.

БЛИЦ:

- Біреуден жүрмейді, бес-алтаудан оннан жүреді. Кейде жалғыз кетіп бара жатсаң үлкен адамның өзі қорқады иттерден жабылып қауап алама деп.

- Тола ит шыны керек анау мусордың төңірегі, мектептің ауласы тола ит.

- Қорқамыз тістеп алады ма деп. Кім біледі қандай ит екенін ауру ма, сау ма?

Балаларға арналған ойын алаңдары да өңірлердегі өзекті мәселе. Көбі сапасыз, ал кей жерлерде мүлдем атымен жоқ. Жалпы елімізде 6293 елдімекен бар. Бұл халық санының 38,5 проценті. Яғни, 7,5 млн адам ауылда тұрады.

Серік ЖҮНІСОВ, ҚАТОН-ҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Ауылдың өмір деңгейін көтеру керек. Бірақ та 6293 ауылда бірдей инфраструктуралық мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы ретте жақсы шешімдердің бірі жергілікті қауымдастыққа бағытталған кластерлік экономиканы құру.

Мемлекет басшысы ең өзекті деген түйткілдерді атап Нақты тапсырмалар жүктеді. Енді ол мүлтіксіз және уақытылы орындалуы тиіс. Әйтпесе салдары ауыр болатынын ескертті. "Алдағы жұмыстың басты өлшемі- Реформаның нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет",- деді Президент.

С. Оралбеков