$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Ауылшаруашылығы дамымай азық-түлік бағасы арзандамайды

20.04.2023ж. 20:00
837
Ауылшаруашылығы дамымай азық-түлік бағасы арзандамайды

Қазақстан импортқа тәуелді. Сондықтан азық-түлік бағасына тоқсауыл қою қиын. Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай ауылшаруашылығы мен өндіріс саласы дамымай қымбатшылықтан құтылмаймыз– дейді.

Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Күн сайын шарықтап, өсіп бара жатқан азық-түлік бағасының өсіп бара жатқанына әрбір Қазақстан халқы алаңдаулы деп ойлаймын. Ал, бұл мәселеге, яғни, қазір үкімет дереу, шапшаң, нәтижелі жұмыс жүргізу керек екендігін тапсырып айтты.

Президент халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған міндеттерді атап айтты. Ал оны жүзеге асыру бәрімізге ортақ парыз деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. Енді депутаттардың да нағыз кәсібилігі айқындалады. Әрекетті тек Үкіметтен күтпей, қажет өзгерістерге өзіміз бастамашы болуымыз керек – деді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Күн тәртібіндегі өткір мәселелерге дер кезінде сауатты, жауакершілікпен үн қата білуіміз қажет. Сайлаушылармен, қоғаммен күнделікті үздіксіз, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге тиіспіз. Оған біздің тәжірибеміз де, мүмкіндігіміз де жеткілікті. Сондықтан алға қойған міндеттерді табысты іске асыру үшін бар күш-жігерімізді салайық. Халық та, Мемлекет басшысы да бізден осыны күтіп отыр.