Павлодарда
Ертіс өзені үстінен өтетін алып көпір Тәуелсіздік күні қарсаңында ел игілігіне
беріледі. Үш жылға жуық жүргізілген құрылыстың бүгінде негізгі жұмыстары
аяқталған. Бұл жоба республикалық маңызы бар «Орталық-Шығыс» күре жолының бір бөлігі болып табылады.
Елімізді Ресей және Қытаймен байланыстырады. Төрт жолақты көпірдің ұзындығы 12
шақырым. Ауқымды құрылысқа республикалық бюджеттен 54 млрд теңге
жұмсалған.
Ерсін
Сәриев, «Қазавтожол» ҰК Павлодар облыстық филиалы басшысы:
Қазіргі
уақытта барлық күрделі жұмыстар атқарылды. Көпір құрылысы көрсетілген жұмыс
кестесіне сәйкес іске асуда. Бұл көпірді осы жылдың желтоқсан айында Тәуелсіздік мейрамына қарсы ел игілігіне тапсыратымыз деп жоспарлаудамыз.
Астана-Павлодар-Өскемен
автожолы саяжайлар орналасқан аумақтан өтеді. Мұнда жол айырығы салынуы тиіс.
Сондықтан жобалау кезінде 161 саяжай учаскесін сүру туралы шешім қабылданған.
Қазірде 130 қожайын бұған келісім берсе, отыз саяжайдың құжаттары дайын емес.
Қалалық жер қатынастары бөлімі тұрғындарға тиесілі өтемақы жақын арада аударыла
бастайтынын айтты.
Назар
Жұмабеков, Павлодар қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:
Облыс
бюджетіне республикадан саяжайларды сатып алу мақсатында 168 млн теңге түсті.
Бұл қаржыны кезең кезеңге бөлетін боламыз. Жер учаскесінің қожайындары мамыр
айында алғашқы өтемақыны алады. Қалған бөлігі маусым, шілде айларында беріледі.
Жоспар бойынша бұл жұмыс күзге дейін аяқталуы тиіс.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ