$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандағы электр станцияларының 66% тозған – министрлік

AstanaTV
23.04.2023ж. 18:19
1384
Қазақстандағы электр станцияларының 66% тозған – министрлік

Орта есеппен еліміздегі электр желілерінің 66% тозған. Бұл туралы Энергетика министрлігінің сайтында жарияланған «ҚР энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» жазылған.

«Бүгінгі таңда электр станцияларының өндіруші жабдықтарының 55,5%-ы 30 жылдан, 5,8%-ы 21-30 жылдан, 13,1%-ы 11-20 жылдан, 18,2%-ы 5-10 жылдан және 7,4%-ы 5 жылдан асқан. Электр желілерінің көп бөлігі 1970 жылдары салынған. Елімізде электр желілерінің тозу деңгейі орта есеппен 66% құрайды. Осының салдарынан тасымалдау кезінде электр энергиясының 6-7% жоғалады. Энергетика секторының отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануынан басқа, жоғарыда аталған проблемалар Қазақстанның энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін төмендетеді және бірінші кезекте елдің энергетикалық қауіпсіздігіне және экономиканың тұрақтылығына әсер етеді», - делінген құжатта.

Ведомства ақпаратына сәйкес, қазір энергетикалық кешендердің негізгі бөліктерін жөндеу мен олардағы жабдықтарды жаңғырту мүмкіндігі жоқ. Бұған төмен тарифтер себеп болып отыр.