$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде бір түнде үш адам көпқабатты үйден секіріп қаза тапты

24.04.2023ж. 20:00
1510
Ақтөбеде бір түнде үш адам көпқабатты үйден секіріп қаза тапты

Ақтөбеде бір түнде үш адам өзіне-өзі қол салды. Үшеуі де жоғары қабаттан құлап көз жұмған. Екі әйел «Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешенінің 19-шы қабатынан, тағы бір қыз Әбілқайыр хан даңғылындағы тоғыз қабатты үйден секіріп кеткен. Қыздың жасы 27-де. Бойжеткеннің ондай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Ал екі әйел түнгі 1 шамасында қаза тапқан. Айта кетерлік жайт, дәл осы тұрғын үй кешенінен соңғы үш жылда төрт адам құлап, мерт болған.

Айнұр ТӘЖІМОВА, ОҚИҒА КУӘГЕРІ:

Болды ана «Туф»деген сияқты. Жерге түскен жоқ. Машинаға сигнализация, машинада ойнады. Біз адам деп ойламадық. Мусор деп ойладық. Бәріміз мусор деп ойлап до конца қарамадым. Жата бердім. Сетка ма бір нәрсе қою керек. Суицидті азайту үшін. Бір емес, екі емес, неше суицид болды бізде.

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Оқиға орнына келген патрулдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты. Полицейлер мәйіттің жеке басын анықтады. Олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені анықталды. ҚР ҚК 105 бабы 2 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оқиғаның себептері анықталуда.