Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Жетісу облысында рульге отырған оқушы сәбиді мерт қылды

AstanaTV
25.04.2023ж. 11:33
992
Жетісу облысында рульге отырған оқушы сәбиді мерт қылды

Жетісу облысында көлік тізгініне отырған оқушы 4 жасар баланы қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 23 сәуір күні кешке Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болды. 4 жасар баланы «Хонда Одиссей» автокөлігі қағып кетті. Бүлдіршін аудандық ауруханада қаза болды.

Белгілі болғандай, көлікті 15 жастағы оқушы басқарған. Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралын басқарған адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция көлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге қатаң тыйым салынғанын еске салады. Бұл талаптарды орындамау өлім мен жарақат түріндегі қайғылы жағдайға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыр жазаға әкелуі мүмкін.