Елдегі халық көп шоғырланатын қоғамдық орындардың 74 пайызы терористер шабуылына дайын емес. Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко осылай деп мәлімдеді. Экстремизм мен тероризмнің алдын алудың заңнамалық шаралары қарастырылған жиын өткен, сонда.
Андрей Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Ақтөбедегі оқиғалардан соң қару-жарақ сатумен айналысатын барлық нысандар
тексерілді. Ондай дүкендердің 50 пайызында, күзет агенттіктерінің үштен
бірінде, инкассаторлық қызметтердің тең жартысында талаптардың бұзылғаны
анықталды. 150 адам жауапқа тартылды. Халық көптеп демалатын 5 мыңға жуық нысан
тексерілді. 74 пайызының жағдайы қанағаттандырмайды. Ол жердің күзеті
террористік қауіптің алдын алып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
деген кепілдік жоқ.
Сондықтан
прокурорлар тероризмге қарсы заң талаптарын сақтамаған нысандардың қожайындарын
жауапқа тартуды ұсынды. Өйткені қауіп зорайып барады.
Нұрғали Білісбеков, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:
2011 жылдан бері 64 экстремистік акцияның жолы кесілді. Ал жыл басынан тоғыз
шабуылдың беті қайтарылды. Адам көп жүретін қоғамдық орындар мен құқық қорғау
және бірнеше мемлекеттік органдарға жоспарланған шабуылдардың жолы кесілді.
Комитеттің мәліметінше, Ауғанстан, Ирак, Сирия соғысына қатысқан 45
қазақстандық экстрадицияланған. Оның 33-і өз еркімен елге оралып, қылмыстық
жауапқа тартылған. Өздері қасиетті санайтын, шынында қасиетсіз соғысқа аттанбақ
болған 559 адамның жолын кесілген. Соңғы 5 жылда діни-экстремистік қылмысы үшін
445 адам сотталды. Жыл басынан 25 адам темір торға қамалса, тергеу
изоляторларында тағы 50 шақты адам отыр. Сонымен бірге соғысқан лаңкестер қазір
елге оралып жатыр. Олардың тарапынан тероризм қаупі аса жоғары,- деп ескертті
қауіпсіздік комитеті. Ал прокурорлардың пайымынша, тероризммен күрестің бір
жолы - ішкі тіркеу.
Андрей Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Тіркеу жүйесі неге жұмыс істемейді деп Ішкі істер министрлігінен сұрау
керек. Олар үй қожайындарын міндеттеу керек дегенді ұсынып отыр. Қазір пәтер
иелері үйін жалға беріп ақша табады, ал ондағы тұрып жатқан адамдар үшін
ешқандай жауапкершілік алмайды. Өздеріңіз білесіздер, қылмыскерлер қылмыстық
топтардың мүшелері. Егер олардың біреу ұсталса, қалғандарын да табу керек.
Бүкіл елді шарлап – қаншама ақша жұмсап іздеуге болады, ал дұрысы – адамдарды
тіркелген қаласынан іздеу.
Бірақ азаматтық қоғам өкілдері өткенде
айттық – қылмыскерлердің ешқашан тіркелмейтінін, бұл нормадан қарапайым
адамдардың қиналатынын еске салады: үйіне келген мейман 10 күннен артық
қонақтайтын қазақтарды мысалға келтіріп.
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев
радикалды топтарға еріп кеткен терористердің 55 пайызы 20-ға толмаған жастар
екенін айтты. 35 пайызы 30 бен 39 жас аралығында. Тек 10 пайызы 40-тан асқан
азаматтар. Бәрін идеологияның жоқтығынан көреді. Ал қоғам белсендісі Мұхтар
Тайжан жастардың теріс ағымдарға еруінің үш себебін атады:
Мұхтар Тайжан, Болатхан Тайжан қорының президенті:
Лаңкестіктің басты негізі - кедейшілік және жұмыссыздық. Елімізде
кедейшілік, жұмыссыздық болмау керек. Өйткені еліміз бай. Сондықтан біз
үкіметтен басқа экономикалық саясат күтіп отырмыз. Осы 20 жылдың ішінде,
өкінішке қарай, білім жүйесі әлсіз болып кетті. Сондықтан бұл жерде де үлкен
реформа керек деп ойлаймын. Келесі баста себеп - мемлекеттің әділеттілігі.
Осындай реңктегі байламды «Біздің уақытта» талай айттық. Экстремизм,
қасиетсіз соғыс, қауіпсіздік тақырыбы негізгі тақырыптардың бірі болып қала
береді. Алда талай тоқталамыз.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Тероризм
мен экстремизм жыл сайын өте қауіпті мәселеге айналып барады. Бұл тек
Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемдегі проблема. Сондықтан терроризм мен
экстремизмге қарсы күресті күшейту бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нақты
тапсырмалар беріп, оның орындалу жолдарын да көрсетті. Ең бастысы - бұл
мәселеге бүкіл қоғам қатысып, шынайы қолдау білдіріп отыр.