Президент Алматы облысына сапары барысында «Нұркент» деген жаңа қаланың бас жоспарымен танысты. «Ақорда» сайтының хабарлауынша, қала Панфилов ауданында қазақстан-қытай шекарасында тұрғызылып жатыр. «Нұркент» «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына енеді. 100 мың адам тұратын қала болмақ. Арнайы экономикалық аймақтың құрылысы 2020 жылға қарай аяқталуы керек. Жаңа Жібек Жолының негізгі тіректерінің біріне айналуы тиіс, біздің үкіметтің есебінше. Әрине, «Қорғастағы» коррупция тыйылса...Тенгриньюс порталының тілшілері қала салынатын жерге барған. Ол жерде Пенжим кенті бар. Дәл жанында Алтынкөл және Құндызды станцияларында жұмыс істейтін теміржолшылар мен «Қорғас – шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы, «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының кеденшілері, сондай-ақ, «Құрғақ порттың» қызметкерлері үшін үйлер салынып басталған. Оны «Нұркент» тұрғын-үй кешені деп атайды екен. Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Шухрат Құрбановтың сипаттамасын оқысақ, гүлдей жайнаған, инфрақұрылымы керемет қала бой көтереді.
Ал Пенжимнің тұрғындары жаңа қала салынса,
балаларымызға жұмыс табылар, жолдар жөнделер,- деп үміттенеді. «Нұркентте»
балаларымыз тұрса, жұмыс істесе. Ал біздің немен айналысатынымызды көріп
тұрсыздар, жұмыс жоқ, жер теліміміз де жоқ, балаларды асырау керек, сондықтан
жалданамыз. Әйеліміз екеуміз жүгері тазалаймыз, күніне 1,5 мың теңге табамыз.
Соған разымыз», - деген төрт баланың әкесі Жұмағұл Нұрайдар...