Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қайрат Нұртас әйелінің су жаңа темір тұлпар сыйлады

AstanaTV
26.04.2023ж. 11:02
1833
Қайрат Нұртас әйелінің су жаңа темір тұлпар сыйлады

Әнші Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованың туған күніне су жаңа темір тұлпар сыйлады. Бұл жайлы айтыскер Сара Тоқтамысова Instagram парақшасында айтты.

35 жасқа толған хитменнің әйелі шоу-бизнес өкілдерін шақырып, туған күнін жасаған. "Жұғысты болсын. Қайраттың Жұлдызға арнаған сыйлығы", - деді Сара Тоқтамысова су жаңа көлікті көрсетіп. 

Сонымен қатар Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова туған күн барысында торт кесті. "Жұлдыз әрқашан бақытты бол. Жұлдызың әрқашан жана берсін", - деп жазды Маржан Арапбаева желідегі парақшасында.