Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қазақстанда жаңадан екі банк құрылуы мүмкін

AstanaTV
26.04.2023ж. 13:37
1225
Қазақстанда жаңадан екі банк құрылуы мүмкін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, екі микроқаржы ұйымы екінші деңгейлі банк болып құрылуға ниет білдірді.

Қаржы ұйымдарының екінші деңгейлі банкке айналуы мүмкін екенін Агенттік төрайымы Мәжіліс кулуарында айтты.

"Бізде екінші деңгейлі банктерге айналдыруға ниет білдірген екі ірі микроқаржы ұйымы бар. Олар – KMF және Solva қаржылық ұйымдары. Олардың портфелі бар, капиталдың жеткіліктілік деңгейі олардың банкке айналуына мүмкіндік береді. Өткен жылы тиісті заңнамалық түзетулер енгізілген. Ол микроқаржы ұйымының лицензиясынан өтпей-ақ өзгертуге мүмкіндік беретін құжаттар қабылданды, өтініш беріп, конвертация жүргізіп,банк лицензиясын алуға болады",- Мәдина Әбілқасымова

Ол жаңа банктерді ашу талаптарын ырықтандыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк жүйесі туралы заңнамаға түзетулер дайындағанын айтты.

"Осы түзетулер қабылданғаннан кейін екінші деңгейлі банктерді ашуға ниет білдіретіндер көбейеді деп сенеміз",- Мәдина Әбілқасымова