$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Білім бөлімінің басшысы 280 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

AstanaTV
27.04.2023ж. 09:38
1130
Білім бөлімінің басшысы 280 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

Жетісу облысының білім беру жүйесінде ірі жымқыру туралы істің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жетісу облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет Талдықорған қаласы Білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Ол Білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Өз кезегінде пара берген адамдар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушылар және соттың санкциясымен қамауда.

Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығаратын болады.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.