$487.17 €565.65 ₽6.72
×

Қазақстан халықаралық деңгейдегі бірқатар банкпен келісімдерді ратификациялады

17.06.2026ж. 10:57
Қазақстан халықаралық деңгейдегі бірқатар банкпен келісімдерді ратификациялады
Фото: Мәжіліс

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, сондай-ақ, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімдерді ратификациялау туралы екі заң қабылданданды.

– Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 15 мамырдағы және 15 маусымдағы жарлықтарына сәйкес жалпы сомасы 154,7 млрд жапон иенін құрайтын Қарыз туралы келісімдерге, 2026 жылғы 20 мамырда және 15 маусымда қол қойылды. Жапон иені валютасын таңдаудағы негізгі себеп, ол Жапониядағы төмен базалық пайыздық мөлшерлемеге және теңге мен жапон иені арасындағы тығыз байланысқа негізделеді. Бұл қаражат, экономиканың маңызды салаларын қаржыландыруды қоса алғанда, Үкіметтің бірінші кезектегі шараларын қолдауға мүмкіндік береді. Аталған банктердің қарыздары, 5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 11 жыл өтеу мерзімімен беріледі. Тартылатын қарыздар бойынша міндеттемелер, ұсынылып отырған Келісімдерде бекітілген қаржылық шарттарға сәйкес, республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін болады. Сонымен бірге, бұл банктер біздің стратегиялық әріптестеріміз болып табылатынын және Қазақстан экономикасына зор үлес қосып жатқанын атап өту керек, – деді Қаржы министрі Мәди Такиев.

Оның сөзінше, Қазақстан, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне 1992 жылы қосылып, мемлекеттің үлесі 0,17%-ды құраса, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар банкіне 2017 жылы қосылды, онда үлес – 0,754%.

Өткен жылдардың ішінде, Қазақстан мен аталған банктер арасында кең ауқымды экономикалық мәселелерді қамтитын, берік және сындарлы байланыс, ынтымақтастық қалыптасты.