$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан мен Қырғыз Республикасының өзара құқықтық көмек көрсету шартына өзгертулер енгізілді

27.04.2023ж. 20:00
1036
Қазақстан мен Қырғыз Республикасының өзара құқықтық көмек көрсету шартына өзгертулер енгізілді

Енді Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарына құқықтық қызметті Бас прокуратура көрсетеді. Бұған дейін бұл міндетті Ішкі істер органдары атқарып келді. Бүгін Сенат екі ел тұрғындарының құқығын қорғауға бағытталған құжатқа өзгерістер енгізді. Ол екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Айта кетейік, былтыр Қырғызстаннан елімізге құқықтық көмек көрсету бойынша 373 өтініш түсті. Бізден көрші мемлекетке 304 сұраныс жолдаған.

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Еңгізіліп отырған өзгерістер бұл екі ел азаматтарының шетелде болған кезде, нақтылап айтар болсақ, Қырғыз елінің азаматтары бізде, біздің елдің азаматтарының Қырғыз еліне қатысты. Жедел түрді өзінің құжаттарын рәсімдеу мақсатында тез арада шешімдер табуға септігін тигізетін болады.