$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Батыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам опат болды

AstanaTV
26.09.2016ж. 20:00
2713
Батыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам опат болды

Батыс Қазақстан облысында ірі жол апатынан бес адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Орал-Атырау тас жолының бойындағы Ақжайық ауданының тұсында болған. «Мерседес» жеңіл көлігі мен "ГАЗель" автокөлігі түйісіп, екі көлік те сол сәтте отқа оранды.

Мына бейнені апат орнында болған куәгерлер түсіріп алған. БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, апатқа «Мерседес» көлігінің жүргізушісі себепкер болуы мүмкін. Атыраудан Оралға бет алған 49 жастағы әйел адам көлік рөліне ие бола алмай қалған көрінеді. Ондағы 3 жолаушы тіл тартпай кеткен. Тек біреуі ғана ажалдан аман қалған. Ал "ГАЗель" автокөлігінің жүргізушісі 25 жастағы жігіт екені анықталды.

Әсел Бедрова, БҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері:

Екі жүргізуші мен Мерседес көлігіндегі үш жолаушы сол жерде жан тапсырған. Тағы бір жолаушы Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижелері кейін хабарланады. 

Еркін КАРИН