Бүгін
"Нұр Отан" партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер
орталығын жұртшылыққа таныстыру рәсімі өтті. Ағымдағы жылы 6 мамырда
өткен партия кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев жетекші саяси күш ретінде
партияның идеялар генераторы болуы керектігін, ол үшін өзіндік мықты талдау
орталығын құру қажеттігін атап өткен еді.
Мұхтар
Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы
төрағасының бірінші орынбасары:
Біз
әлемнің дамыған елдеріндегі ең жетекші партиялардың аналитикалық құрылымдарының
жұмысын саралай келіп, Сіздердің назарларыңызға жаңа орталықтың ашылғанын
қуанышпен хабарлаймыз. Бұл орталық Елбасымыз ұсынған қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси, стратегиялық бағытын жүзеге асыруды талдамалық жағынан қамтамасыз
ететін болады.
Әлемде
осыған ұқсас 6500-ден астам талдау алаңы бар. Барлығының негізгі мақсаты - нақты, сараланған, дәл зерттеу жұмыстарын жүргізу. Басқарушы партия жанынан
құрылған бұл орталықтың берері мол, - дейді ғалымдар.
Ерлан
Сыдықов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры:
Мемлекетіміздің
алдағы дамуына бағытталған 5 бағыттың бірінде біз келешекте
президенттік-парламенттік жүйеге көшу көзделген. Ондай кезде партияның рөлі мен
бәсекелестігі артады. Сол бәскелестікке төтеп беру үшін, сол жерде өзіміздің
лидерлік позициямызды сақтап тұру үшін,
жетекші күш болу үшін бізде үнемі болашақты бағдарлайтын, сараптайтын,
зерттейтін орталық болу керек. Бұл бүгін ашылып отырған орталықтың бір
ерекшелігі - «Болашақ» бағдарламасын тәмамдап келген, шетелден оқып келген
мамандар тартылып отыр.
Зерттеулер
орталығы мәселелерді анықтап, басқарушы билік органдарына жеткізіп қана қоймай,
олардың шешу жолдарын ұсынатын болады.
Рахман
Алшанов, «Тұран» университетінің
ректоры:
Партия
да өз жұмысын белес-белеске қойып бөліп шешу керек. Қарасаңыз, дамыған елдердің
барлық жерінде ешқандай партия көшеге шығып айғайлайтындай партиялар емес.
Соған байланысты партия күнделікті жан-жақты қарау керек. Қоғамда не өзгерістер
болып жатыр? Неге шақырамыз? Қай жаққа жұмылдырамыз? Соған бұл орталық баяғыдан
қажет еді. Бүгін соған жеттік деп
айтуымызға болады. Бұл піскен дүние. Оны зерттейтін, айтатын ғалымдар
жеткілікті. Саясаткерлер бар. Қоғамда соның бәрін біріктіретін орталық болса,
бәрімізге, елімізге пайдасын келтіретініне еш күмән жоқ.