Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстан кубогы: «Шахтер» ширек финалға жолдама алды

AstanaTV
29.04.2023ж. 16:09
1298
Қазақстан кубогы: «Шахтер» ширек финалға жолдама алды

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалына шыққан алғашқы команда анықталды.

Қазақстан кубогының 1/8 финалының қарымта ойындары 29 және 30 сәуірге белгіленген.

Алғашқы кездесуде көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдады.

Екі команда арасындағы бірінші ойында қарағандылық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Сондықтан жарысты жалғастыратын команда бүгінгі кездесуде анықталуы мүмкін еді.

Командалар ойын басынан шабуылға көшті. Қарағандылық клуб 32-минутқа дейін үш гол соғып кетті.

Алдымен 6-минутта Тимур Чогадзе есеп ашса, одан кейін Юрий Перцух 12, Иван Свиридов 15-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал 32-минутта көкшетаулық Алексей Татаев автогол авторы атанса, 93-минутта Айдос Тәттібаев қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Шахтер» қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, бүгін, 29 сәуірде «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Атырау» - «Ақтөбе» шеберлік байқасады.

Ал 30 сәуірде «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Тобыл» (Қостанай), «Тұран» (Түркістан) мен «Каспий» (Ақтау), «Ақжайық» (Орал) пен «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.