$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Прокурор С.Матаевты 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады

AstanaTV
27.09.2016ж. 20:00
2416
Прокурор С.Матаевты 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады

Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевтарға қатысты сот аяқталуға жақын. Бүгін тараптардың сөзжарысы өтіп, мемлекеттік айыптаушы соттан Сейтқазы Матаевты 6 жыл 8 ай және Әсет Матаевты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары Матаевтардың алаяқтық жолмен және салықтан жалтару арқылы мемлекетке 520 млн теңгеден астам шығын келтіргенін анықтаған. Сот атышулы іске 5 күннен соң нүкте қоймақ. Сот отырысынан әріптесім Азамат Алдоңғаров тарқатады.

6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырып, жеке мүлкін тәркілеп, кәсіпкерлік қызметпен айналысудан 3 жылға дейін шеттеу. Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейтқазы Матаев үшін мемлекеттік айыптаушылар соттан дәл осындай жаза сұрап отыр. Сейтқазы Матаевпен бірге айыптаушылар қатарында оның ұлы Әсет Матаев бар. Прокурорлар оны да 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Матаевтарға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша, яғни алаяқтық және салықтан жалтару баптары бойынша айып тағылды. Алайда Матаевтар тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты.

Мадина Бакиева, С. Матаевтың адвокаты:

Қорғаушы тарап айтылған сомалардың ешбірімен келіспейді және менің қорғалушым оның ешбірін мойындамайды.

Сөзжарыстардан кейін үкім кесу үшін судья кеңесу бөлмесіне кетті. Ал соңғы, шешуші сот отырысы үшінші қараша күні сағат 16:00-де болады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ