Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Жерді жалға беру туралы заң жобасы толықтырылуда

AstanaTV
27.09.2016ж. 20:00
2743
Жерді жалға беру туралы заң жобасы толықтырылуда

Ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруге қатысты заң жобасы әлі де толықтырылу үстінде. Ол осы жылдың қараша айына дейін дайындалып, парламентке жолдануы керек. Айта кетейік, жерді жалға беру әзір тек Қазақстан азаматтарына ғана қатысты. Ал 12 шетелдікке жалға берілген 31 мың гектар жер әзірге солардың қолданыстарында қала бермек.

Мұнан өзге жұмыс тобы жерді жалға алуға өзгерістер енгізуді ұсынды. Онда ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы беру көзделген. Ол үшін арнайы комиссия құрылуы керек. Ал жер жалдауды көздегендер міндетті түрде бизнес-жоспарын көрсетуі керек болады. Жерді жалдау 10 жылдан 49 жылға дейін созылмақ. Осылайша комисия мүшелері аталмыш заңнаманы барынша ашық етіп, халыққа етене жеткізуді жоспарлап отыр.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Конкурс мүшелігіне жергілікті атқарушы органнан өзге қоғамдық кеңес өкілдері, ұлттық палата өкілдері міндетті түрде ену керек.