$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қоғамдық қабылдауда баспана мәселесі қаралды

AstanaTV
27.09.2016ж. 20:00
2487
Қоғамдық қабылдауда баспана мәселесі қаралды

Астанада баспаналы болу  - басты мәселелердің бірі болып тұр. Бүгін «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына тұрғын үй төңірегіндегі мәселелерін шеше алмай жүрген халық жиналды.

Солардың бірі - 1993 жылы Моңғолиядан қоныс аударған Айнабибі Аязбаева. Он екі баласымен немере-шөберелерін қосқанда қырық адамды елге алып келіпті. Мемлекет Астанадан уақытша бір бөлмелі пәтер беріп, кейінірек 2-3 бөлмелі үйді уәде еткен. Алайда екінші мәрте берген баспаналары тағы да бір бөлмелі болып шыққан. «Аядай ғана бір бөлме сегіз адамға тарлық етеді», - дейді Айнабибі Аязбаева.

Айнабибі Аязбаева, зейнеткер:

Ана департамент жилья дегендегі Руслан деген жігітке айтсам, сіздің 100 балаңыз босла да, бір бөлмелі үйде тұрасыз дейді. Үйсіз қаңғып жүргеніме өкінем. Монғолияда бәленбай бөлмелі үйім бар еді. Елім, жерім, қазағым деп келгенде, осылай боп қалғанына өкінемін.

Алайда кейуананың ең кіші ұлы он сегіз жастан асып кеткен. Бұндай жағдайда мемлекет тарапынан  көп бөлмелі пәтер беру заңда қарастырылмаған екен. Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов тұрғын үй-коммуналдық мекемелеріне, әкімдікке хабарласып, мәселені бір жақты қылатынын айтты. Сондай-ақ, бүгінгі қабылдауда тұрғын үй алудан бөлек, пәтерді жекешелендіру, саяжайларды заңдастыру, мүгедектерді күту сияқты әлеуметтік проблемалар тыңдалып, оларды шешу мәселесі қарастырылды.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бұл мәселелердің барлығы жүйелі түрде шешіліп жатыр. Тек соңғы жылдардың өзінде жүзеге асқан мемлекеттік бағдарламалар еліміздегі жұмыссыздыққа қарсы, тұрғын үй мәселесін көбейту жөнінде, инфраструктура жөнінде, жалпы әлеуметтік жағдайға байланысты барлық мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралар үлкен нәтиже беріп отыр.