Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Нұр Отан» партиясында «Жоғарғы технологияларды дамыту» бойынша комиссия отырысы өтті

AstanaTV
27.09.2016ж. 20:00
2318
«Нұр Отан» партиясында «Жоғарғы технологияларды дамыту» бойынша комиссия отырысы өтті

2021 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі инновациялық өнім үлесін 2,5 пайызға дейін арттыру керек. «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова, «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» заңы осындай нәтиже беруі тиіс,  дейді.

Айта өтейік, бүгін бас партия аппаратында «Жоғарғы технологияларды дамыту» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаты, партиялық куратор Бақытжан Әбдірайым төрағалық етті. Комиссияның жұмысы «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған. Жиын отырысына үш министрліктің өкілдері арнайы қатысып, баяндама жасады. Олар білім және ғылым министрлігі, энергетика, индустрия және даму министрліктерінің қызметкерлері. Берген ақпараттарына сәйкес, елімізде инновациялық жобаларды іріктеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жыл басынан бері 543 жоба қаралып, оның 100-ден астмы қолдау тапқан. Инновациялық гранттарды ұсыну шеңберінде 500-ге жуық өтінім қаралып, 56-сы бойынша жалпы соммасы 1,7 миллиард теңгеге шарттар жасалды. Партиялық куратор инновациялық жобалар еліміздің экономикасына оң әсерін тигізіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек деп ескертті.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Осы сұрақтар қазіргі таңда әлемнің назарында. Сол себепті біз бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп, жасап жатқан жұмыстарды тыңдап, қорытындылап, қай жерде қандай кемшіліктер болып жатыр, соны тыңдап, біз заң шығарушы орган ретінде қандай көмек керек, соны талқылап, бір жобаға келтіріп, іске асырамыз.

Наталья Годунова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Бізде сайлауалды бағдарламаға сай 2021 жылға дейін ЖІӨ-гі инновациялық өнім үлесін 2,5 пайызға дейін арттыру көзделген. Қазір бұл көрсеткіш 1,5 пайызды құрап отыр. Осы орайда инновациялық қызметті белсендету бойынша жұмыс жүргізу керек. Бұл біздің басты мақсатымыз.