Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Астанада терезе жуушы тұрғын үй кешенінің жетінші қабатынан құлап, мерт болды

AstanaTV
02.05.2023ж. 19:20
1429
Астанада терезе жуушы тұрғын үй кешенінің жетінші қабатынан құлап, мерт болды

Астанада терезе жуушы тұрғын үй кешенінің жетінші қабатынан құлап кетті.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға дүйсенбі күні, 1 мамырда болған. "Сағат 17:33-те 103 қызметіне 1988 жылы туған ер адам тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінде биіктегі жұмыстарды, атап айтқанда ғимарат сыртындағы терезелерді жуу кезінде жетінші қабаттан альпинистік құралдан құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды", — делінген хабарламада.

Ведомство жыл сайын күннің жылынуымен балалар мен ересектердің терезеден құлау салдарынан болатын жазатайым оқиғалардың көбейіп жатқанын атап өтті. Қайғылы оқиғалар көбінесе үлкендердің мұқият болмауынан және терезе жуу кезіндегі немқұрайлылықтан туындайтын көрінеді.