$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда орман шаруашылығының бұрынғы директорына қатысты сот басталды

AstanaTV
03.05.2023ж. 20:00
1262
Қостанайда орман шаруашылығының бұрынғы директорына қатысты сот басталды

Қостанайда Басаман орман шаруашылығының бұрынғы басшысына қатысты сот басталды. Асқат Жәкішевке «лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланып, аса ауыр нұқсан келтірді» деген айып тағылып отыр. Айыптау актісіне сәйкес шаруашылық директоры 2020 жылдан 2022 жылдың қазан айына дейін заңсыз ағаш кесуге жол берген. Өрт қаупі басым кезеңге қарамастан жеке адамдарды орманға кіргізіп, 15 миллион теңге олжа көрген. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қыркүйекте Әулиекөл өлкесінде 43 мың гектар орман алқабы өртенді. Алапат өрттің салдарынан бірнеше ауыл тұрғындары дүние-мүлкінен, төрт түлігінен айрылды.

Зәуре ЕДИКОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану нәтижесінде елеулі зиян келтірді деген күдікпен Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды. Келесі сот отырысы ағымдағы жылдың 11 мамырына тағайындалды.