$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қызылордалық оқушылар «Айбын» әскери патриоттық жастар сайысында бақ сынады

Қызылордалық оқушылар «Айбын» әскери патриоттық жастар сайысында бақ сынады

Қызылордалық оқушылар «Айбын» әскери патриоттық жастар сайысында бақ сынады. Оған аймақтағы барлық аудандар мен Байқоңыр қаласынан 9 команда қатысты. Жасөспірімдер алғашқы әскери дайындық негіздері бойынша сынға түсті. Бұл балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеп, жігерлендіреді дейді ұйымдастырушылар.

«Айбын» әскери патриоттық жастар сайысы биыл 9 рет өткізіліп отыр. Онда 14 пен 18 жас аралығындағы оқушылар бақ сынасуда. Ал қызылордалық Аяжан дәстүрлі сайысқа үшінші рет қатысып отыр.

Аяжан СҮГІРБАЕВА, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Біз дайындықта мысалы достықты үйренеміз, бірлесіп жұмыс істеуді үйренеміз. Патриоттық сезімге үйренеміз. Былай айтқанды біраз нәрсе білуге болады осы сайыс арқылы.

Оқушылар автоматты шашу, қайта жинау, арқан тарту, тир ату секілді бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Мұндай жарыстар балалардың әскери өмірге қызығушылығын арттырады дейді ұйымдастырушылар.

Ғалымжан КАМАЛОВ, «САМҒАУ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Балаларға әскери дайындыққа, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұл әскери қолданбалы спорт түріне жатады және балалардың патриоттық сезімін арттыру. Отан қорғауға баулу. Ұйымдастырғалы бірнеше ондаған балалар әскери бөлімдерге оқуға түсті, әскерге барып келді.

Шара облыс әкімдігінің қолдауымен өткізілуде. Оған бюджеттен 6 млн теңгеге жуық қаржы қаралған. Жеңімпаздар республикалық сайыста облыс намысын қорғамақ.

Алмасбек ЕСМАХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Байқауының жеңімпаздары Қарағанды облысында өтетін Спаск қаласындағы республикалық «Айбын» әскери патриоттық жарысына қатысатын болады. Жалпы соңғы кезде біздің аймағымыздың жастары жақсы, өздерінің әскери бағытта жақсы өнерлерін көрсетіп келе жатыр.

Бұған дейін жарыстың республикалық кезеңінде аймақтың оқушылары құр алақан қайтпаған. Жеке номинациялар бойынша марапатталып, жақсы нәтижеге қол жеткізген.