Қарағандыда
жалған терроризм үшін айыпталған физика пәнінің мұғалімі Юрий Пак соттан тергеу
экспериментін өткізуді сұрады. Бұл туралы бүгін Қазыбек би атындағы аудандық
сотта айыпталушының қорғаушысы Сергей Ким мәлімдеді. Ол арнайы қызмет
техникалық ақауларға байланысты дәл сол сәтте шалынған тағы бір қоңырауды
тіркеп үлгермегені туралы жаңа айғақ ұсынды. Қорғаушы беймәлім қаскөй дәл осы
екінші қоңырауда «жалған терроризм» туралы хабарлаған деп отыр.
Сергей
Ким, Қарағанды облыстық адвокаттар коллегиясының қорғаушысы:
Қоңырау
жеке телефоннан шалынған. Белгісіз біреу тұтқаны алып, 102 нөмірін терген де, айтарын айтқан. Бұл желіге менің қорғалушымның еш қатысы жоқ. Оның ұялы
телефонынан «жалған терроризм» туралы айтылмаған. Бұл туралы «Қазақтелекомның»
ресми құжаты бар. Сондықтан да эксперимент өткізуді сұрап отырмыз, барлығы көз
жеткізу үшін.
Қорғаушы
тараптың ұсынысын сот қарап, шешуі керек. Дегенмен, бүгінгі сотта Юрий Пактың
қорғаушысы мұғалімді толық ақтап, істі жабуды сұрады.
Еске салсақ, өткен жылы
сәуірде белгісіз біреу
112 қызметіне қаладағы орталық әмбебап дүкенге бомба қойылғаны туралы
хабарлайды. Жалған қоңыраудың 86-ыншы мектеп
мұғалімі Юрий Пактың самартфонынан шалынғаны анықталған. Ол Қылмыстық кодекстің
273-інші, яғни «Терроризм актісі туралы жалған хабарлау» бабымен айыпталып
отыр.