$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Семей қаласы қыстан қысылмай шығатын болды

AstanaTV
27.09.2016ж. 20:00
2646
Семей қаласы қыстан қысылмай шығатын болды

Семей қаласының тұрғындары биыл суықта тізесін құшақтамайтын болады. Кіші қазандықтардың жөндеуіне қалалық бюждеттен қосымша қаражат бөлініпті. Ол жақында аяқталмақ. Бүгінге дейін Семейдің жылу электр стансаларына 220 мың тонна көмір әкелінген. Бұл 10 күндік жылудың қоры. Әр күн сайын "Қара жыра" көмір разрезінен вагондар келіп жатыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары 80 пайыз тұрғын үй жөндеу жүргізіп, дайындық куәлігін алған. Ал мұндай қатаң талапсыз ешбір кварталға жылу берілмейтін көрінеді.

Ринат Омаров, ШҚО  Энергетика және ТҮКШ  басқармасының басшысы:

Қалалық  бюждеттен қосымша 105,1 млн теңге бөлініп отыр. 2015 жылы жылумен қамту үшін объектілерді дамытуға бағытталған "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында  10 жоба іске асырылуда.  Бүгінге дейін 980,4 млн теңгені құрайтын 4 жоба тәмамдалды. Ал қалған 3 жоба бойынша негізгі жұмыстар аяқталуға жақын.