Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жанар-жағармайға шектеу шешімін табады

AstanaTV
27.09.2016ж. 20:00
2843
Жанар-жағармайға шектеу шешімін табады

Жанар-жағармайға шектеу жақын күндері жойылады. Бүгін Энергетика министрлігінің өкілдері біздің арнаға осылай деп мәлімет берді. Естеріңізге сала кетейік, жиырма үшінші қыркүйекте Энергетика министрлігі еліміздегі кей жанар-жағармай құю бекеттері жиырма алтыншы қыркүйекке дейін талон арқылы жұмыс істейтін болады деп ақпарат таратқан еді. Бұл жағдай соңғы күндері мұнай өнімі импортының кідіріп қалуына байланысты болған. Министрліктегілердің сөзінше, Павлодар мұнай өңдеу зауыты жөндеуден өтіп, күні кеше жұмысын қайта бастады. Енді екі тәуліктен кейін жағдай орнына келмек.

Асқар Жалдинов, ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі:

Аталған жағдайдың тағы бір себебі бар. Министрлік бар жиналған жанар-жағармайды бірінші кезекте ауыл шарушылығы тауар өндірушілеріне таратты. Себебі олар күзгі астық жинау науқанын уақтылы аяқтау керек. Бүгін-ертең жағдай орнына келеді деп ойлаймын. Себебі бір ғана Павлодар мұнай-химия зауыты тәулігіне 14 мың тонна мұнай өндіреді. Сондықтан жетіспей жатқан жанармайдың орнын бір күнде толтыруға болады.