$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Енді көліктерді кез-келген аймақта тіркеп, мемлекеттік номерлер алуға болады

AstanaTV
27.09.2016ж. 20:00
3879
Енді көліктерді кез-келген аймақта тіркеп, мемлекеттік номерлер алуға болады

Бір тәулікте Алматыға өзге аймақтардан келген 140 көлік тіркелген. Мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру үшін 26 қыркүйектен бастап көлікті тұрғылықты жерде тіркеуге қою міндетті емес. Әр азамат, қай қалада өзіне ыңғайлы, сол жерден мемлекетік номер мен техникалық төлқұжат алуына жағдай жасалып отыр. Ал бұрынғы «транзиттік номерлер» өз күшін жойды.

Қазір Алматы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс қызып жатыр. Күніне 1000-ға жуық автокөлікті тіркеуден шешіп, қайта қоюға қауқарлы қала үшін енді аймақтарға да қызмет көрсетуге тура келеді. Орталық мамандары көлік санының алдағы уақытта да арта түсетініне сенімді. Себебі бұл азаматтар үшін «бір терезе» қағидасы бойынша өте ыңғайлы қызмет түрлерінің бірі. Алматы қалалық арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы жыл басынан бері 214 мыңға жуық тіркеу және есептен шешу қызметін көрсеткен.

Нұрлан Аманбек, Алматы қаласы ІІД бөлім бастығының орынбасары:

Кез-келген мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе әкімшілік полиция бөлімшелерінде кез-келген тіркеусіз-ақ азамат өз көлігін тіркеуге болады. Мысалы, Павлодар облысында тіркеуде тұрған көлікті азамат Алматы қаласында шешіп, қайтадан өз аймағының тіркеуіне қоя алады.