$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Аманаттықтар рейд барысында Жамбыл облысында сапасыз салынған жолды анықтады

04.05.2023ж. 20:00
905
Аманаттықтар рейд барысында Жамбыл облысында сапасыз салынған жолды анықтады

«Жол азабын жүрген біледі». Жамбыл облысында жол сапасына қатысты шағым көп. «Аmanat» партиясының аймақтағы филиалы арнайы рейдке шықты.

ПартиялықтарЖуалы ауданы мен Тараз қаласын аралады. Бірқатар кемшілікті анықтады. Мәселен, Жуалы ауданындағы Күйік-Теріс-Ащыбұлақ жолына орташа жөндеу жүргізілген. 10,6 шақырым 363 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жыл болмай бүлініп, жарамсыз күйге түсіпті. Аманаттықтар қазына қаржысына салынған жолдың сапасыздығын айтып, қайта қалпына келтірсін деп талап қойды. Мердігер компания бір айдың ішінде кемшіліктерді жоямыз деп уәде берді. Партиялықтар енді салынған жолдың сапасына қатысты айтылған арыз аяқсыз қалмайды деп отыр.

Елік БАЙБОСЫНОВ, «ЖОЛ ДЕ ЛЮКС» ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Жаз айларында битум тапшы болғандықтан кішкене суыққа ұрынып қалып, кейбір жерлерінен ақаулар пайда болды. Қазіргі күнде соны орнына келтіріп жатырмыз. Екі жылға дейін кепілдік мерзімі бар. Сол екі жыл мерзімінің ішінде өз қаражатымызбен жөндеп отырамыз бұзылған жерлерін.

Гулам УМАРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қалада Кирпичный алқабында жол салынып жатыр заводская 3. Осы жерге келіп жол салып жатқанға қарап, өздеріміздің ұсыныстарымызды айттық. Қасымызда технадзор бар. Жауапты мамандар келді осы жерде салынып жатқан жолда партиямыздың қадағалауында болады.