Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтауда су мәселесі 2026 жылға дейін шешіледі

05.05.2023ж. 20:00
821
Ақтауда су мәселесі 2026 жылға дейін шешіледі

Ақтауда үш жылдан кейін су мәселесі толық шешіледі. 25 шағын ауданда инженерлік желілер жаңғыртылады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі есеп беру кездесуінде айтты. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Ақтаулықтар жыл сайын жазда су тапшылығын қатты сезеді. Әсіресе, биыл бұл мәселе өршіп тұр. Себебі, жергілікті энергокомбинат жасыл желектерді суаруға тіршілік нәрін беруден бас тартқан. Оған инженерлік желілердің тозуы себеп болып отыр.

Ислам ҮСЕНОВ, "ҚЖА" МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тұрғындар ауыз су мен ыстық судың өшуіне байланысты көп шағым айтады. Мұның бәрі желілердің тозуына байланысты. Қазір олардың 81% астамы жөндеуден өтпеген. Бұл мәселе шешіледі. Халық сумен толық қамтамасыз етіледі.

2026 жылға дейін қаладағы инженерлік коммуникациялар ауысады. Нақтырақ, 25 шағын ауданда орналасқан 919 шақырым желі жаңармақ. Оған 20 млрд. астам қаржы керек. Қазір 3,3 миллиард теңге бөлінді. Облыс әкімі қалған сома мәселесі алдағы уақытта шешіледі - дейді.

Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

2022 жылдың қорытындысы бойынша 11 млрд. теңге кетті 48 жобаға. Ол электр, жылу, су кәріз жобаларына. Бұл барлығы түбегейлі жасалмаған соң көп адамға сезілмейді. Бірақ, бұл болған, жоспарлы түрде істеген істеріміз. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3 есе артты.

Қазір өңірде Президент тапсырмасын орындау шаралары жүйелі жүруде. Электр энергетика саласын дамыту бойынша бағдарлама әзірленді. Бұл жобаның құны-128 миллиард теңге.