Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылордалық теміржолшылар сала ардагерімен кездесті

Қызылордалық теміржолшылар сала ардагерімен кездесті

Қызылордалық теміржолшылар салада 35 жыл тер төккен машинист Олжабай Қошановпен кездесу өткізді. Ардагер өзінің 65 жыл отасқан жұбайын ерте келіпті. Олар әуелі теміржолшылар мұражайын аралады. Өзі пайдаланған көне заттарды көріп, естеліктерін айтты. Одан әрі ізбасарларымен кездесіп, еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Оларды адал еңбек етуге шақырды.

Олжабай ҚОШАНОВ, АРДАГЕР МАШИНИСТ:

Темір жол саласында өте қатаң тәртіп бар. Тәртіп болған жерде жұмыс та жақсы болады. Жауапкершілік өте мықты болады. Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей дейді. Жақсы адал істеу керек. Ерінбеу керек.

Шара «AMANAT» партиясының «Еңбек адамы» және «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өткізілді. Мұндай басқосудың тәлімі мол дейді ұйымдастырушылар.

Батырхан БАЗАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТАҒЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осы жердегі жұмысшыларға ұстаз болған. Ізбасарлары жеткілікті бұл депода ағамыздың. Бұл кездесу біздің әріптестерімізге, жас машинисттерге бір демеу береді деп ойлаймын.