$498.34 €519.72 ₽4.85
×

21 жастағы студент діни ән таратқаны үшін үш жылға сотталды

AstanaTV
10.05.2023ж. 13:43
1001
21 жастағы студент діни ән таратқаны үшін үш жылға сотталды

Өзбекстанда Жахонгир Улугмуродов есімді студент "фанатизм идеясын сіңген" діни әнді таратқаны үшін үш жылға сотталды. Сотталушы туыстарының айтуынша, ол сыныптастарына YouTube-тағы нашидтің (мұсылмандық ән) сілтемесін жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.uz-ке сілтеме жасап.

Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, Ташкент облысы Аққорған ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты 8 мамырда 21 жастағы студент Жахонгир Улугмуродовты діни ән таратқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды.

Судья Санжар Исақұлов оны Қылмыстық кодекстің 244-1-бабы 3-бөлігі "г" тармағы бойынша кінәлі деп таныды. Ол 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын жазаның жеңілдетілуіне байланысты үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Kun.uz басылымының мәліметінше, туыстары оның Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінде грантта оқитынын және отбасының асыраушысы екенін айтқан. 

Жахонгир Улугмуродовты Янгиюль ауданындағы үйінен профилактикалық инспектор алып кеткен. Кейін оның телефонынан 2022 жылы Telegram-дағы сыныптастары бар топта YouTube-тегі нашидтің (мұсылмандық ән) сілтемесі табылған. Дін істері комитетінің қорытындысы бойынша, діни ән "фанатизм идеяларына толы".

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі өкілдері студенттің "Әлхамдулиллаһ" Telegram-тобына (топта 10 адам бар) "Шаҳид бўлиб кетсак рози бўлингиз" ("Шәһид болсақ, разы болыңыз") атты "жиһад" пен "хижриге" шақырған нашидтің сілтемесі табылған. Осы себепті жігіттен айғақ ретінде iPhone X тәркіленіп алынды.