Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Теңдей айқас". Өзбекстанда Бибосыновтың даулы жекпе-жегіне қатысты пікір айтылды

AstanaTV
10.05.2023ж. 13:13
580
"Теңдей айқас". Өзбекстанда Бибосыновтың даулы жекпе-жегіне қатысты пікір айтылды

Өзбекстандық Sports.uz сайты қазақстандық Сәкен Бибосынов пен үндістандық Дипак Кумар арасындағы ӘЧ-де өткен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Боксшылар 51 келідегі 1/16 финалдық айқаста кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Дипакқа берді. Бұған қатысты Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға шағым түсірді, алайда өзгеріс болған жоқ. 

"Теңдей айқас, бірақ Дипак жеңіске жетті, құттықтаймыз!" - деп жазыпты басылым.