Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Депутат вейп сатуға тыйым салуды сұрады

10.05.2023ж. 20:00
862
Депутат вейп сатуға тыйым салуды сұрады

Елімізде «вейп» атымен танымал электронды темекі нарығы соңғы үш жылда 300 есе артқан. Оны оқушылар мен жасөспірімдерге сатуға тыйым салу керек. Мәжілісмен Нұргүл Тау депутаттық сауалында мәселені көтеріп, жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Себебі оның құрамында 30-дан астам улы зат бар. Ол жастар мен жасөспірімдердің денсаулығына үлкен қауіп төндіріп отыр, дейді. Сондықтан депутат орташа құны 2 мың теңгенің айналасындағы электронды темекі жастар арасында эпидемияға айналып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Никотин салдарынан жыл сайын 18 мыңға жуық адам көз жұмады.

Нұргүл ТАУ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Екі есе өсім 13-15 жас аралығындағы балалалар арасында байқалды. Жалпы, вейпті алған балалар саны 1 миллионға жеткен. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, депутаттық сауалда қойылған мәселелерді қарауға және елімізде вейптер мен оның басқа түрлерін сатуға толығымен тыйым салу мүмкіндігін қарастыру ұсынысын жасаймыз.