Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Әлеуметтік жатақханада қандала қаптап кетті

11.05.2023ж. 20:00
1590
Әлеуметтік жатақханада қандала қаптап кетті

Қостанайдағы әлеуметтік жатақхана тұрғындары зиянкес жәндіктердің зардабын тартуда. Олар дер кезінде дезинфекциялық тазалау жұмыстары атқарылмайды деп шағымданады. Ал шаһар билігі тоқсан сайын паразиттермен күрес шарасы жүргізілетінін айтып отыр. Қансорғышқа таланған тұрғындармен тілшіміз Заңғар Санай тілдесті.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Әлеуметтік жатақханада әлеуметтік осал топтағы 62 отбасы тұрады.Олар қаптаған қандаладан қалай құтыларын білмейді. Әсіресе бесінші қабат тұрғындары зиянкес жәндіктерден қатты зардап шегіп отыр.

Бұл жерді паналайтындардың көбі тар бөлмесін тазаламайды. Солардың салақтығынан сан түрлі паразит қаптап кетті дейді жатақхана коменданты.

Меруерт КӨПЕНОВА, ЖАТАҚХАНА КОМЕНДАНТЫ:

Адамдар өздері кінәлі. Нәрсенің бәрін сырттан әкеледі.Сосын жиналмайды бөлмелері. Коридор, кухня таза болмайды. Неше түрлі тастайды.

Бірақ тұрғындар дер кезінде дезинфекциялық тазалау жүргізілмегендіктен, қандала қаптады деп отыр. Олеся Горбатовская төрт жылдан бері ешқандай кешенді шара қолданылмағанын айтады.

Олеся ГОРБАТОВСКАЯ, ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНЫ:

Ешқандай дезинфекция болған жоқ. Ал тұрғындардың қоқыстан зат тасып жүргенін көрген емеспін. Қандала көп.Өзіміз неше түрлі заттар сатып алып, күресіп жатырмыз.

Тұрғын үй қатынастары бөлімінің маманы тоқсан сайын тиісті шаралар жүргізіледі деп сендірді. Қандаладан арылу үшін тұрғындар түзден ескі зат тасымау керек.

Руслан АХМЕТЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Тұрғындардың көбі ескі жиһаздар сатып алады. Қоқыстан заттар таситындары да бар.Әйтпесе біз квартал сайын жәндіктерді улау жұмыстарын жүргіземіз.Осы айға да өтінім берілді.

Әлеуметтік ғимаратты екі жүзден астам адам мекендейді. Кешенді дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін жатақхана тұрғындарын жаппай шығару керек. Ал олардың басқа барар жері, басар тауы жоқ.